Қырғызстанда жекешелендіру деңгейі 72,83% құрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда жекешелендіру деңгейі 72,83% құрайды

Қырғызстанда жекешелендіру деңгейі 72,83% құрайды

Бішкек. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда жекешелендіру деңгейі қазіргі уақытта 72,83% құрайды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстанның мемлекеттік мүлік басқармасы мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 11 Тамыз 2008
  • 507
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жекешелендіру үрдісі басталғаннан бері Қырғызстанда 1 275 нысанның меншік түрі өзгерген. Қазіргі уақытта Қырғызстанда мемлекет шаруашылық жүргізуші 79 субъектіні басқаруға қатысады. Оның ішінде 68 акционерлік қоғам бар.

2008 жылдың қаңтар — маусымы аралығында үш акционерлік қоғамның құнды қағаздарының мемлекеттік пакеттері жекешелендіріліп, 20 мүліктік нысан сатылған.

Осы уақыт ішінде мемлекеттік меншікті жекешелендіруден бюджет қоржынына 19,8 млн сом түскен. Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне төленетін дивидендтерден түскен пайда 24,4 млн сомды құраса, мемлекеттік мүлікті жалға беруден түскен қаражат 8,1 млн сомға тең болған.

$1=34,88 сом.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар