Дауыс беру барысында республика тарихында тұңғыш рет дауыс беруге арналған мөлдір жәшіктер пайдаланылды. Ал республика аймақтарына мұндай жәшіктер кешігіп жеткізілгендіктен, Шудан басқа облыстарда дәстүрлі ағаш жәшіктер пайдаланылды.
«Бұл сайлау болашақта елдің саяси өмірінде қандай партия маңызды роль атқарады, қайсысы жалпыұлттық саяси күшке айналады дегенді көрсетеді»,- деп мәлімдеді жексенбіде Қырғызстан президенті Асқар Ақаев Бішкектегі бір сайлау учаскесінде дауыс бергеннен кейін.
Республика бойынша бір депутаттық мандат үшін екіден кем үміткер бақ сынады. Ең көп үміткерлер саны Бішкекте тіркеліп, мұнда бір орынға 10-нан артық адам таласты. Қырғызстан астанасының кейбір округтерінде бір мандат үшін 30-дан артық үміткер сайлауға түскен.
Қазір Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру қорытындысын шығаруда. Алдын-ала ақпарат 12-қазан, сейсенбіде жария етіледі.
Қырғызстан Республикасы Сайлау кодексіне сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару органдарының сайлауы сайлаушылардың қанша проценті қатысқанына қарамастан өтті деп саналады.