Жарияланды: 300

Қырғызстанда жергілікті тұрғындар қытайлық жұмысшылармен жаға жыртысты

Қырғызстанның оңтүстігінде тағы да қақтығыс! Бұл жолы Ош облысында жергілікті тұрғындар мен қытайлар жаппай төбелескен. Кикілжіңге Қытай азаматының жоғалған ұялы телефоны себеп болыпты. Жалпы 100-ге жуық адам жағаласқан төбелесте жарақат алғандарда жетерлік.

Алдын ала мәлімет бойынша Куршаб ауылындағы кафелердің бірінде екі топ алғаш рет байланысқан. Куәгерлердің айтуынша, барлық пәле 4 қытайлықтың жергілікті екі тұрғынды сабап, ғимаратта күштеп қамап ұстап отырғанынан шыққан. Артынша аталмыш оқиғадан хабардар болған жергілікті халық бас көтеріпті. Көп ұзамай екі топ қоян-қолтық төбелеске кіріскен. 8 Қытай азаматы мен 9 Қырғыз азаматы түрлі деңгейдегі дене жарақатын алды. Екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Айта кету керек, Куршаб ауылындағы кафеде уақытша тұрып жатқан келімсектер қытайлық компанияның қызметкерлері. Қазір жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен 100-ге жуық адамнан жауап алынуда. 4 бап бойынша қылмыстық іс қозғалған. Төбелеске қатысқандардың барлығы қатаң жазаға тартылады деп кесіп айтты жергілікті билік өкілдері.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін