Алдын ала мәлімет бойынша Куршаб ауылындағы кафелердің бірінде екі топ алғаш рет байланысқан. Куәгерлердің айтуынша, барлық пәле 4 қытайлықтың жергілікті екі тұрғынды сабап, ғимаратта күштеп қамап ұстап отырғанынан шыққан. Артынша аталмыш оқиғадан хабардар болған жергілікті халық бас көтеріпті. Көп ұзамай екі топ қоян-қолтық төбелеске кіріскен. 8 Қытай азаматы мен 9 Қырғыз азаматы түрлі деңгейдегі дене жарақатын алды. Екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Айта кету керек, Куршаб ауылындағы кафеде уақытша тұрып жатқан келімсектер қытайлық компанияның қызметкерлері. Қазір жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен 100-ге жуық адамнан жауап алынуда. 4 бап бойынша қылмыстық іс қозғалған. Төбелеске қатысқандардың барлығы қатаң жазаға тартылады деп кесіп айтты жергілікті билік өкілдері.