Қырғызстандағы антиқазақтық пиғылдар Украинадағыдай жүзеге асуы мүмкін - саясаттанушы - kaz.caravan.kz
  • $ 523.17
  • 550.06
0 °C
Алматы
2024 Жыл
3 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстандағы антиқазақтық пиғылдар Украинадағыдай жүзеге асуы мүмкін - саясаттанушы

Қырғызстандағы антиқазақтық пиғылдар Украинадағыдай жүзеге асуы мүмкін - саясаттанушы

Танымал ресейлік саясаттанушы Алмазбек Атамбаевтың Қазақстанға қатысты жасаған атышулы мәлімдемелері туралы өзінің ашық пікірін білдірді.

  • 10 Қазан 2017
  • 4549
Фото - Caravan.kz

Қырғызстандағы президент сайлауына бірнеше күн қалды. Онсыз да қызығушылықты оятып отырған сайлау алды кампаниясына өзінің үлесін Алмазбек Атамбаев қосты. Қазақстанды қырғыз елі ішіндегі істерге араласты деп айыптап, екі ел арасындағы ағайындық қатынасқа суық леп жіберді.

Бір аптадан кейін экс-президент атанатын Атамбаев осы қадамға қандай мақсатпен барды? Осы сұраққа жауап іздеген Caravan.kz ресейлік "Аспект" саяси және әлеуметтік зерттеу орталығының президенті, саясаттанушы Георгий Федоровтің көмегіне жүгінді.

Георгий ФедоровГеоргий Федоров

— Сіздің ойыңызша, Қырғызстандағы президент сайлауы ресейлік саяси элитаға қаншалықты қызықты?

— Менің ойымша, жеткілікті түрде. Қырғызстандағы саяси жағдай Ресей үшін өте маңызды. Еске алатын болсақ, Қырғызстанда бұған дейін де әлеуметтік толқыныстар орын алған болатын. Сондықтан да елде ресейшіл тұрақты зайырлы режимнің болуы абзал. Қанша дегенімен де, бұл аймақ кедей болып саналады. Проблемалар өте көп.

Егер сайлауда қазіргі билік қолдап отырған кандидат жеңіске жетсе, Қырғызстанда мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін бе?

Теория тұрғысында әбден мүмкін. Елде фундаменталдық саяси өзгерістерді қалап отырған белгілі бір ішкі және сыртқы күштер бар.

— Жуырда Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстанға қатысты бірнеше жағымсыз мәлімдемелер жасады. Қаншалықты олар шындыққа жанасады? Бұл екі ел арасындағы қатынастың салқындауына өз кезегінде үлесін тигізе ала ма?

— Менің ойымша, Атамбаевтың мәлімдемелері толыққанды шындыққа жанасады деп айтуға тұрарлықтай емес. Әрине, бұл аймақта Қазақстанның ықпалы зор екенін жоққа шығаруға болмайды. Бірақ, көршілес елдегі саяси жағдайдың тұрақсыздануы ешкімге тиімді емес. Өйткені экономикалық тұрғыда бұл тек қана Қазақстанға ғана емес, сонымен қатар ЕАЭО мен Ресейге де өзінің кері әсерін тигізеді.

Онда Атамбаев не үшін бұндай қадамға барды?

— Менің ойымша, кез келген елде болып жатқан сайлау үрдісі өзінің ұстанымын айқындау мақсатында сыртқы факторды пайдаланады. Кезінде Украинада Порошенконың жеңісіне алып келген басты сыртқы фактор — елдің ішіндегі өрістей бастаған антиресейлік көңіл-күйлер болды.

Сол сияқты, қазір де Қырғызстанда антиқазақтық пиғылдардың басталуы белгілі бір жақтарға өте пайдалы болуы мүмкін. Осындай қадамдардың арқасында кандидаттар өздеріне рейтинг жинайды. Сондықтан Қырғызстанда болып жатқан саяси ойындарға қазақстандықтар өздерінің назарын аудармағаны жөн.

Мақала авторы: Сырым Иткулов