«Біз бұл базаның мәртебесі өзгермейтіндігіне кепілдік алдық»,- делінген хабарламада. «Манастағы коалициялық әскери-әуе базасы Ауғанстандағы коалициялық күштерге әуеден қолдау көрсете береді»,-делінген құжатта.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстандағы «Манас» халықаралық әуежайының аумағында орналасқан АҚШ-тың «Ганси» әскери-әуе базасы АҚШ әуе күштерінің Ауғанстандағы «Мызғымас бостандық»операциясына қатысуы үшін 2001-жылы ашылған болатын.