Қырғызстандағы ереуілдер мен аласапыранға биліктің әлсіздігі алып келді - Қазақстан президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстандағы ереуілдер мен аласапыранға биліктің әлсіздігі алып келді - Қазақстан президенті

Қырғызстандағы ереуілдер мен аласапыранға биліктің әлсіздігі алып келді - Қазақстан президенті

"Қырғызстанда жылдар бойы қат-қат жинақталған әлеуметтік-экономикалық тауқыметтер халықтың жаппай кедейлік пен жұмыссыздық қамытын киюіне, ақыр соңында елдің көптеген аудандарында бейберекет ереуілдердің өршуіне алып келді". Бүгін, 25-наурызда Астанада кәсіпкерлер конгрессінде сөз сөйлеген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстандағы соңғы оқиғаларға осындай баға берді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 25 Наурыз 2005
  • 471
Фото - Caravan.kz

«Бұл жерде ереуілшілер мен ойраншыларға ойына келгенін істеуге мүмкіндік беріп қойған биліктің әлсіздігі де кері әсерін тигізбей қоймады»,- деді президент.

Мемлекет басшысының пікірінше, Қырғызстанда болған оқиғалар Қазақстан жүргізіп отырған экономикалық саясаттың дұрыстығын тағы бір дәлелдеді. «Қазақстан жаңаша экономикалық өсім қарсаңында тұр»,- деді Н.Назарбаев. Оның пікірінше, бұрынғы Кеңестік республикаларда болған оқиғалар қоғамдағы тұрақтылықты сақтауда басыбайлы мүлкі бар орта таптың шешуші роль атқаратынын айғақтап берді.
Президенттің пайымдауынша, «шынайы демократияны дамыту үшін қуатты заңдар мен соттар, кәсіби білікті әрі ықшам мемлекеттік қызмет, мақсаттарды жүзеге асыруға қабілетті қуатты билік қажет. Ал бизнес болса бұл істің қауіпсіздігі мен келешегін қамтамасыз етеді».

Перейти к новостям спорта