Қырғызстандағы Майлуу-Суу қоймасында жинақталған уран қалдықтары көршілес Қазақстан мен Өзбекстанның шекаралық аймақтарына радиоактивті ластану қаупін төндіре бастады -Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстандағы  Майлуу-Суу  қоймасында жинақталған уран қалдықтары көршілес Қазақстан мен Өзбекстанның шекаралық аймақтарына радиоактивті ластану қаупін төндіре бастады -Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық  ұйымы

Қырғызстандағы Майлуу-Суу қоймасында жинақталған уран қалдықтары көршілес Қазақстан мен Өзбекстанның шекаралық аймақтарына радиоактивті ластану қаупін төндіре бастады -Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы

Қырғызстандағы Майлуу-Суу қоймасында жинақталған уран қалдықтары көршілес Қазақстан мен Өзбекстанның шекаралық аймақтарына радиоактивті ластану қаупін төндіре бастады. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бішкектегі орталығы өңір тұрғындарына осындай қатер жайында ақпарат тарату науқанын қолға алды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 13 Қаңтар 2004
  • 1020
Фото - Caravan.kz

«Майлуу-Сууда тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етейік» деген ұран астында өткізіле бастаған бұл науқанды халықаралық және жергілікті ұйымдар бірлесе жүзеге асыруда. Сарапшылар Қырғызстанның оңтүстігіндегі радиоактивті қалдықтар қоймасының адамдар өміріне төндіріп отырған қауіп-қатеріне қоғам назарын аудармақшы.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мамандарының атап көрсетуінше, жергілікті деңгейде уран қалдықтары проблемасына алаңдаушылық таныту деңгейі өте төмен болып отыр. Жергілікті тұрғындар арасында «қалдықтар төгілген өңірден мал жаю үшін жер иемденіп алу, сондай-ақ, радиоактивті саз- балшықты үй салу немесе жөндеу мақсатында пайдалану» көріністері жиі кездеседі. «Ластанған аймақта тұратын Майлуу-Суу тұрғындары, әсіресе балалар қатер жайында, қандай сақтану шараларын қолдану қажеттігі туралы мүлдем бейхабар»,- дейді Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының мамандары.
Науқан барысында Майлуу-Суу әкімшілігінің өкілдері, мектеп оқушылары мен мұғалімдері, осындағы медициналық колледждің оқытушылары мен студенттері арасында ағартушылық шараларын ұйымдастыру көзделіп отыр. Оларға радиоактивті қалдықтарға қатысты қауіп-қатерлер және олардан қорғану жолдары туралы ақпарат басылған брошюралар таратылады.
Майлуу-суудағы уран кеніштері 1946-1967-жылдарда игерілген. 1966-1973-жылдар аралығында бұрынғы кен орындарының аумағында 1,9 млн. текше метр радиоактивті қалдықтар жиналған 23 қоқыс орны консервіленді. Қазір сарапшылар бұл қалдықтардың Сырдария өзенінің бассейніне қарай шайылып кету қаупі туралы ескертеді. Бұл тек Қырғызстанға ғана емес, сондай-ақ, халық тығыз қоныстанған Ферғана аңғары мен Арал аймағына да үлкен қауіп төндіреді.

Соңғы жаңалықтар