Қырғызстандағы оқиғалар осы елдің ішкі ісі - ҚР СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстандағы оқиғалар осы елдің ішкі ісі - ҚР СІМ

Қырғызстандағы оқиғалар осы елдің ішкі ісі - ҚР СІМ

АСТАНА. 6-қараша. Kazakhstan Today. Ресми Астана Қырғызстанда болып жатқан оқиғаларды осы елдің ішкі ісі деп санайды. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлімдеді,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 6 Қараша 2006
  • 434
Фото - Caravan.kz

«Бұл Қырғызстанның ішкі ісі», деп атап өткен елші, дегенмен, «елдегі жағдай жіті қадағалануда», деді.

«Біз бұл жерде Қазақстанның мүддесі сақталғаны үшін жағдайды қадағалап отырмыз. Еліміздің ұлттық мүддесі де, қазақстандық инвесторлардың Қырғызстандағы мүддесі де сақталуы шарт», деді Е.Ашықбаев.

Е.Ашықбаевтың айтуынша, екі елдің саяси басшылығы Қырғызстандағы ағымдағы ахуалдың дамуына қатысты байланыста отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта