Қырғызстандағы парламент сайлауы заңды деп танылды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстандағы парламент сайлауы заңды деп танылды

Қырғызстандағы парламент сайлауы заңды деп танылды

Қырғызстандағы парламент сайлауы барысында сайлаушылардың 61,06 проценті дауыс берді. Бұл туралы Қырғызстан Республикасы Орталық сайлау комисиясының төрағасы Сүлеймен Иманбаев сайлау учаскелері жабылған соң мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 28 Ақпан 2005
  • 380
Фото - Caravan.kz

Орталық сайлау комисиясының мәліметіне сәйкес, сайлау барысында әсіресе Талас, Жалалабад және Баткен облыстарының тұрғындары айрықша белсенділік танытса (66-67%), республика астанасының тұрғындары самарқаулық байқатты (46-44%).

Сайлау барысына 16 мыңдай жергілікті және халықаралық бақылаушылар, 20 халықаралық ұйымдар мен елшіліктердің қызметкерлері, сондай-ақ, 40 елден келген 75 журналист бақылаушылық жасады. Тәуелсіз бақылаушылардың мәлімдеуінше, сайлауға дайындық және дауыс беру барысында байқалған басты заң бұзушылық пен кемшілік ретінде сайлаушылаор тізімінің толық жасалмауы мен сайлау учаскелеріндегі кезектерді атауға болады.
Ал Лондон халықаралық демократия институтының бақылаушылары миссиясының мәлімдемесіне сәйкес, сайлау барысында байқалған заң бұзушылықтардың ешқайсысы да сайлау процессінің тиімділігіне күмән келтіретіндей күрделі емес. Лондон халықаралық демократия институтының бақылаушылары миссиясы Ыстықкөл, Нарын және Шу облыстары мен Бішкекте бақылаушылық жасады. Миссия өкілдері сайлаушылардың белсенділігін ерекше атап отыр. «Жергілікті сайлау комиссиялары кәсіби жұмыс жүргізсе, құқық қорғау мекемелері дауыс беру барысына құрметпен қарады»,- делінген миссия таратқан мәлімдемеде.
Қырғызстанның бір палаталы парламенті — Жогорку Кенеш сайлауына 389 үміткер қатысты. Олар 75 орын үшін бақ сынады. Сайлау мажоритарлық жүйеге сәйкес өткізілді.
Сайлау алдындағы науқанға бұрынғы шақырылым депутаттары түгелдей дерлік, сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлер, танымал кәсіпкерлер, қоғам және саяси қайраткерлер қатысты. Үміткерлер тізімінде қазіргі президенттің балалары Бермет және Айдар Ақаевтар мен Қырғызстан үкімет басшысының баласы Алексей Танаев бар.
Бұл жолғы сайлауда Қырғызстан тарихында алғаш рет дауыс беру үшін мөлдір жәшіктер пайдаланылып, сайлаушылардың саусағына арнаулы бояумен таңба басылды.

Перейти к новостям спорта