Қырғызстандағы парламент сайлауында Алмазбек Атамбаевтың партиясы жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстандағы парламент сайлауында Алмазбек Атамбаевтың партиясы жеңіске жетті

Қырғызстандағы парламент сайлауында Алмазбек Атамбаевтың партиясы жеңіске жетті

Қырғызстандағы парламент сайлауында Алмазбек Атамбаевтың партиясы жеңіске жетті. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, дауыс беруге келгендердің басым бөлігі қазіргі президент  құрған социал-демократиялық партиясын қолдапты.

  • 6 Қазан 2015
  • 352
Фото - Caravan.kz

Парламент сайлауына 1 жарым миллионнан астам адам, яғни тіркелгендердің 59 пайызы қатысқан. Соның 28 пайызы президент партиясын қолдады. Енді Алмазбек Атамбаевтың жақтастары көбірек дауыс жинаған басқа партиялармен бірлесе Үкіметті жасақтап, бар билікті қолдарына алады. Себебі Қырғызстан жартылай парламенттік басқаруға өткелі, мемлекет басшысының құзыреті шектелген болатын. Заң бойынша жеті пайыз дауыс жинаған партия депутаттық мандатты иеленеді. Осы межеден асқан алты партияға заң шығару органындағы жайлы орынтақтар бұйырды. Қырғыз еліндегі саяси додаға шетелдік бақылаушылар да жоғары баға беріп кетті.

Туйғуналы  Абдраимов, Қырғызстанның орталық сайлау комиссиясының төрағасы: 

-Бұл жолы бұрынғыдай толтырылмаған таза бюллетеньдерді қораптап қоқысқа тастау сынды заңбұзушылықтар болған жоқ. Сайлау ашық әрі таза өтті. Оған шет елдерден келген бақылаушылар куә. Үш күннің ішінде аймақтардағы сайлау комиссиялары халықтың арыз-шағымын қабылдайды. Содан кейін ғана сайлаудың нақты қорытындысын жариялаймыз. 

Соңғы жаңалықтар