Қырғызстандағы президент сайлауы заңды әрі ашық өткізілді - Шанхай ынтымақтастығы ұйымының миссиясы - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстандағы президент сайлауы заңды әрі ашық өткізілді - Шанхай ынтымақтастығы  ұйымының миссиясы

Қырғызстандағы президент сайлауы заңды әрі ашық өткізілді - Шанхай ынтымақтастығы ұйымының миссиясы

"Қырғызстандағы президент сайлауы заңды, еркін әрі ашық өткізілді". Бұл туралы бүгін, 11-шілдеде өткен баспасөз мәслихатында Шанхай ынтымақтастығы ұйымының бақылаушылары миссиясының жетекшісі, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы атқарушы хатшысының орынбасары Серік Нарысов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 11 Шiлде 2005
  • 398
Фото - Caravan.kz

«Шанхай ынтымақтастығы ұйымының миссиясы Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясы таратқан «президенттіктен үміткерлердің бірі Құрманбек Бакиев 88,92 процент дауыс жинады» деген алдын-ала мәліметке күмән келтіруге негіз жоқтығын мәлімдейді»,- деді С.Нарысов.

Оның айтуынша, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы бақылаушыларының миссиясы Бішкек пен Шу облысындағы 40 сайлау учаскесінде болды және сайлаушыларға қысым көрсету немесе әкімшілік ресурстарды пайдалану оқиғаларын тіркеген жоқ.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ТМД атынан сайлауға бақылау жасаушылар дауыс беру аяқтала сала Қырғызстандағы мерзімінен бұрын өткізілген президент сайлауында «күрделі заң бұзушылықтарға жол берілген жоқ» деп мәлімдеп үлгерді.
Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының соңғы мәліметіне сәйкес, қазіргі жағдаймен 2182 сайлау учаскесінің 2175-індегі дауыс саналды. Сайлаушылардың 89 проценті Құрманбек Бакиев үшін дауыс берген.
Қырғызстан заңнамасына сәйкес, дауыс берудің ақырғы қорытындысы жарияланғаннан кейін республиканың Конституциялық соты сайлаудың заңдылығы жөнінде өз қорытындысын жария етуге тиіс.
Қырғызстан Конституциялық соты дауыс санау қорынтындысын жариялағаннан кейін президент 30 күннің ішінде республика парламенті- Жогорку кенеш депутаттарының алдында ант береді.

Перейти к новостям спорта