Дипломатиялық елшіліктің өзі қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр, дейді ондағылар.
25-наурыз күні таңертең Джалал-Абад қаласындағы Қырғыз-Түрік лицейінде оқып жүрген қазақстандық студенттер Бішкекке жеткізілді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, кеше еліміздің Бішкектегі елшілігі Джалал-абадтағы студенттерді көшіру үшін 4 автобус жіберген. Елшіліктің бір қызметкері студенттермен бірге болды.
Студенттер бүгін Қордай шекара өткелегі арқылы елімізге оралады.