Қырғызстандағы түзету мекемелерінде ереуілдер белең алды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстандағы түзету мекемелерінде ереуілдер белең алды

Қырғызстандағы түзету мекемелерінде ереуілдер белең алды

Қырғызстандағы бірнеше түзету мекемесінде ереуілдер белең алды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қырғызстан Республикасы әділет министрлігіндегі ақпарат көзі хабарлады.

  • 1 Қараша 2005
  • 861
Фото - Caravan.kz



Ақпарат көзінің хабарлауынша, бүгін, 1-қарашада жуырда парламент депутаты Тынычбек Акматбаев қаза тапқан №31 түзету колониясы мен Шу және Жалал-Абад облыстарындағы бірнеше абақтыда көтеріліс шықты.
Қырғызстанның АКИ-пресс агенттігінің хабарлауынша, бүгін таңертең №8 түзету мекемесінің әкімшілігі «қамаудағыларды сапқа алдымен тұрғызып алып, осыдан кейін мекеме аумағын толық құрамда тастап шыққан». Агенттік қамаудағы бір адаммен телефон арқылы сөйлесуге мүмкіндік алды. Ол осы оқиғадан кейін абақтының сыртқы күзетшілері қамаудағыларға қаратып оқ ата бастағанын жеткізген. Бір тұтқын оққа ұшып, екеуі қатты жараланған көрінеді. Қазір қамаудағылар Қырғызстан Республикасының адам құқықтары жөніндегі уәкілі Тұрсынбай Бакир уулу мен республикаға танымал басқа да құқық қорғаушылармен жолықтыруды талап етуде.
Жазаларды атқару жөніндегі бас басқармасына билік жүргізетін Қырғызстан Республикасы әділет министрлігінің басшылығы мен республиканың күш құрылымдарының өкілдері әзірге абақтылардаы оқиғалар туралы ресми түсініктеме бермей отыр.
Қырғызстандағы пенитенциарлық жүйе құрылымына 5 тергеу изоляторы, 19 абақты-мекен, түрлі тәртіптегі 12 түзету абақтысы енеді. Оларда 17 мыңдай сотталғандар мен тергеудегілер отыр.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта