Қырғызстандық Дастан Лепшаков бильярдтан әлем чемпионы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстандық Дастан Лепшаков бильярдтан әлем чемпионы атанды

Қырғызстандық Дастан Лепшаков бильярдтан әлем чемпионы атанды

Қырғызстандық Дастан Лепшаков Имарта қаласында (Финляндия)  бильярдтан «Серпінді пирамида» түрі бойынша өткен әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды КирТАГ.

  • 26 Қазан 2015
  • 328
Фото - Caravan.kz


Қырғызстандық барлық 6 матчта қарсыластарынан басым түсті. Ширек финалдағы аса шиеленісті өткен ойында ол украиндық Павел Родионовты 9:6 есебімен ұтты.

Одан әрі жартылай финалда Никита Ливаданы (Ресей) және шешуші ойында  беларустік Евгений Салтовскиді жеңді. Екі ойын да бірдей 7:1 есебімен Д. Лепшаковтың пайдасына шешілді.