Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Оңтүстік» өңірлік басқармасына қарасты «Қордай-авто» бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды Қырғызстаннан келе жатқан әйелді тоқтатқан.
Жүрісі күдікті болып көрінген 32 жастағы әйелді тексеру кезінде шекарашылар оның денесінен «скотчпен» оралған 4 түйіншек тапты.
Оның «гашиш» екендігі анықталды. Жүктің салмағы 402 грамм болып шықты.
Сол күні түстен кейін жоғарыда аталған бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды қырғызстандық тағы бір азаматшаны ұстады. Қызметтік иттің көмегімен тексеру кезінде оның да денесінен салмағы 306 грамм 05 мг. болатын «гашиш» табылды.
Аталған деректер бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды.