Қырғызстандық көліктерді Қазақстанда тіркеу үшіна втомобильдер Еуро-4 санатына сәйкес келуі керек - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстандық көліктерді Қазақстанда тіркеу үшіна втомобильдер Еуро-4 санатына сәйкес келуі керек

Қырғызстандық көліктерді Қазақстанда тіркеу үшіна втомобильдер Еуро-4 санатына сәйкес келуі керек

Қырғызстанға кірген көліктерді Қазақстанда тіркеу үшін бұл автомобильдер Еуро-4 санатына сәйкес келуі керек.

  • 19 Тамыз 2015
  • 411
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіндегі басқарма басшысы Қайрат Маубаев мәлім етті.

«2014 жылғы 1 қаңтарға дейін Қырғызстанға кірген және кедендік рәсімдеуден өткен көлік құралдары Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) барлық аумағында еркін айналыста жүре алады. Бұл көлік құралдары КО тауары болып есептеледі. Ал 2015 жылдың 1 қаңтарынан кейін Қырғызстанға кірген көліктерді Қазақстанда пайдалану үшін аталған елде төленген кедендік баждар мен салықтар көлемі және ЕАЭО-ға төленетін салықтар мен баждардың арасындағы айырмашылығын төлеп қана еркін айналысқа енгізуге, яғни оны ішкі істер органдарында тіркеуге қоюға болады. Сонымен қатар тіркеуге енгізу үшін көлік техникалық талаптарға, Еуро-4 экологиялық санатқа сәйкес келуі қажет. Сол жағдайда Қазақстан азаматтары осы елдің көлік құралдарын сатып алып, өз меншігіне тіркей алады», — деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, 2014 жылдың қаңтарынан кейін Қырғызстанға кірген көліктер 2025 жылдан бастап ЕАЭО-ның барлық аумағында еркін жүре алады. 


Перейти к новостям спорта