Әскери қызметкер есірткі затымен ұсталғаны нақтыланды. Әскери қызметкерді ұстау шараларын қазақстандық шекарашылар жүзеге асырған. Кейбір мәліметтерге сәйкес қылмыстық іс Қордай аудандық сотында қарастырылады.
“Офицерлер тобы “Мызғымас бауырластық-2017” біріккен оқу жаттығуларына қатысуға келе жатқан. Офицер осы топтың құрамында болған. 15 қазан күні “Ақ Жол” бақылау-өткізу пунктінде ҚР ҰҚК МШҚ қызметкерлері ұстады”, — деп хабарлайды сайт.
Бас штабтың баспасөз қызметі Қырғызстандық әскери қызметкердің ұсталғанын растады. Алайда мекеме оған себеп болған жағдайды нақтыламады. Бас штаб қазіргі уақытта тергеу амалдарының жүргізіліп жатқанын жеткізді.