Қырғызстанға электр қуатын Қазақстаннан жоғары бағаға сатып алуға тура келмек - Қырғызстан премьер-министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанға электр қуатын Қазақстаннан жоғары бағаға сатып алуға тура келмек - Қырғызстан премьер-министрі

Қырғызстанға электр қуатын Қазақстаннан жоғары бағаға сатып алуға тура келмек - Қырғызстан премьер-министрі

Бішкек. 11 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан премьер-министрі Игорь Чудинов 10 қыркүйекте "Ақ жол" фракциясының отырысында Қырғызстанға электр қуатын Қазақстаннан жоғары бағаға сатып алуға тура келгелі отырғанын, яғни, Қырғызстанның өзі Қазақстанға қуат сатып келген бағадан жоғары бағаға сатып алуға тура келетінін хабарлады, деп хабарлайды агенттік тілшісі осы елдің БАҚ-тарына сілтеме жасап.

  • 11 Қыркүйек 2008
  • 466
Фото - Caravan.kz

«Қырғызстан үкіметі сәуірде 1 млрд киловатт-сағатқа дейін электр энергиясын сатып алу ниетін мәлім еткен. Осы уақыт ішінде келіссөздер жүргізілді. Сөйтіп біз Қазақстаннан қазан айында Жамбыл ГРЭС-і іске қосылған соң 250 млн киловатт-сағатқа жуық электр қуатын сатып алуды жоспарлап отырмыз. Бірақ біз электр қуатын еліміздегі электр қуатының нарықтық орташа құнынан жоғары бағаға сатып алатынымыз сөзсіз. Өйткені, Жамбыл ГРЭС-індегі электр қуатының өзіндік құны Қырғызстандағыдан әлдеқайда жоғары», — деді И. Чудинов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар