Заңсыз сатылмақ болған жолбарыс балалары – осылар. Директор 2013 жылы бұларды туыла салысымен қомақты қаржыға қырғыз асырмақ болған. Тек басшысы ауық-ауық ауысатын зообақтың қай директоры қылмысқа барғанын тергушілер айтпай отыр. Жалпы, Алматы хайуанаттар бағында ұрлық дерегі ара-тұра тіркеліп тұрады. Мәселен, өткен жылы зообақтағы сирек кездесетін құс қолды болған. Оны баққа келушілердің бірі ұрлаған екен. Елдегі ең үлкен зообақта 5 мыңға таяу аң-құс бар. Оның 20 пайызы Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізіліп, ерекше қорғауға алынғанын айта кетейік. Амур жолбарыстары да осы санатта.
Динара Құрманбаева, Алматы хайуанаттар бағы директорының міндетін атқарушы:
— Мен ол жайттың қалай болғанын білмеймін. Тек естуім ғана бар. Жолбарыстың үшеуі де зообаққа қайтарылған. Қазір өсіп, біршама ет жинап қалды. Ал мен мұнда қараша айынан бері уақытша директор міндетін атқарып отырғандықтан, бұл оқиғаға қатысты деректерді айтуға құқығым жоқ.