Қырғызстанмен ортақ кеден ресми түрде ашылғанымен, шекарада дүрлігу әлі де бар - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанмен ортақ кеден ресми түрде ашылғанымен, шекарада дүрлігу әлі де бар

Қырғызстанмен ортақ кеден ресми түрде ашылғанымен, шекарада дүрлігу әлі де бар

Қазақ-қырғыз шекарасында ұзын-сонар кезек пайда болды. Оған себеп - әзірге ашық бекеттен туристер мен азын-аулақ тауар алған кәсіпкерлердің ғана өткізіліп жатуы. Ал көлікпен тонналап зат тасығандар құжат жағының реттелуін күтуде. Қазір жаңа заңға сәйкес декларациялау рәсімі өзгертіліп жатыр. Оның үстіне, Кедендік бақылау қызметіне тиесілі болған техникалық құралдар да әлі шекарашыларға өткізіліп берілген жоқ. Есеп-қисапқа қарағада, бұл шамамен 4 млрд. теңгенің мүлігі.

  • 14 Тамыз 2015
  • 410
Фото - Caravan.kz

— Сонымен қырғыз-қазақ шекарасы кешеден бері ашық режимде жұмысын бастап кетті. Ашық болғанымен бәрібір мұнда бақылау қатаң сақталған. Тіпті техникаға дейін шекара аймақтық бақылау қызметіне өткізіліп беріліп отыр. 8 бекетті қоса есептегенде бұл жалпы сомасы 4 млрд. теңгенің мүлігі.

Әзірше бекеттен екі ел арасында ауыр жүк арқалап өтіп жатқан адам саны аз. Оған баж салығы алынғанымен, декларациялық рәсімінің әлі де өзгертіліп болмағаны басты себеп. Бірақ құжат жағы бірнеше күнде реттеліп бітуі тиіс. Сөйтіп, Қырғызстаннан Қазақстанға арбалап та, дорбалап та, тонналап та тауар тасып жүргендердің тілегі біржолата орындалмақ.

Райя Оспан, саудагер:

— Мен осы Бішкектен Қызылорда облысына барамын. Саудамен барамын. Бұл жерден өмірі қиналумен келе жатырмын. Қиналыс, ешқандай затты шығара алмаймыз. Әбден итіміз шығып барамыз. Енді осы салықты төлемесек, ең құрығанда 15-20 қап аяқ киімді мен тегін үйге апарсам, сол бала-шағама нәпақа болар еді.

Бірақ кеденнің ашық жүйеге көшуі онсыз да адам қарасы көп бекетті тіптен қара базарға айналдырып жіберуі мүмкін. Мәселен, 8 бекеттің бірі – Қарасуда Қырғызстанға жөнелтіліп жатқан жүк көлігінің саны әзірден жетерлік. Барлығы да Дордойдан тонналап тауар тасуға асығып келгендер. Әдетте мұнда күніне 600-700 тоннаға дейін зат өтіп, 30-35 мың адам шекарадан асып жүреді екен.   

Шыңғысбек Мұратбек, жүргізуші:

— Бұрын өту қиын болатын. Енді ашылғанда жұмыс жеңілдейтін шығар. Қазақстанда тексеру көп болатын.

— Бүгін қашаннан бері тұрсыз?

— Бір сағаттан бері тұрмын ғой!

Тауар мөлшері шектеусіз кіргізілгенімен фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау алынған жоқ. Әрине, контарбандалық тексеру де күшейтіле түскен. 

Алмас Ниязәлиев, Жамбыл облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің бастығы:

— Тек бір Қордай бекетінен күніне 800 тонна жүк өтетін. Әрі Қырғызстан арқылы транзиттік жолмен өтетіндері де бар. Әрине, барлығы коммерциялық мақсатта. Сондықтан салмағы 50 келіден асқан жағдайда әр келісіне 4 еуродан баж салығы салынатын. Енді ол жоқ. Бірақ бұл бақылау әлсірейді деген сөз емес.    

Еуразиялық экономикалық одаққа бесінші болып керген қырғыз ағайындар одан көп нәрсе күтіп отыр. Әрине, өндіруші ретінде олар ең бірінші эспорттың артқанын қалайды.

Азамат Акелеев, экономист:

— Ипорттан гөрі экспортты арттыруымыз тиіс. Мәселен, ауыл шаруашылығы, жеңіл тоқыма мен тігін өндірісін еселеуіміз қажет. Қырғызстан үшін үлкен мүмкіндік беріліп отыр. 

Қалай болғанда да, осы одақтан Қазақстан опық жеп қалмауға талпынуы тиіс. Себебі әзірге экспорттан импортымыздың мол екені мәлім.

Соңғы жаңалықтар