"Операцияның мақсаты — шекара кеңістігінде заңға қайшы әрекеттердің, террористік, контрабандалық және өзге де қылмыстық іс-қимылдың жолын кесу, шекаралық режимнің және көші-қон заңнамасының сақталуын қадағалау. Осыған орай шекарадан өтетін тұлғаларды, көлік құралдары, жүктер мен тауарларды тексеру күшейтілді. Сонымен бірге, шекараны өтуге қандай да бір шектеулер мен тыйымдар салынған жоқ. ҰҚК Шекара қызметі бөлімшелері және әскери қызметкерлерінің іс-әрекеті Қазақстан және шетел азаматтарының құқықтары шектелмей, қатаң заңнама шеңберінде іске асырылып жатыр", — деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметіндегілер.
Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстан-Қырғызстан шекарасында бірнеше шақырымға созылған кептеліс болғаны хабарланған еді. "Қырғыз Республикасында президент сайлауына дайындық және сайлаудың өтуіне байланысты Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметі күшейтілген режимге өтті", — деген еді Қырғызстанның шекара қызметіндегілер.