Қырғызстаннан әкелінген соқыр барыстардың көз көру қабілеті жартылай қалпына келтірілді
Қазақстан дәрігерлері Қырғызстаннан әкелінген соқыр қар барыстарының екеуінің көз көру қабілетін жартылай қалпына келтірді, делінген Алматының хайуанаттар бағының сайтында. |
Дәрігерлер барыстардың көз көру қабілетін 20-30 пайызға қалпына келтіре алды, уақытында анықтап, дереу ем қолданғанда олардың көз көру қабілеті 80 пайызға қалпына келген болар еді.
Лидер және Пират деп ат қойлған екі соқыр барыс 2009 жылы Қырғызстандағы «Набу» оңалту орталығында дүниеге келген. Ол кезде жануарларға катаракта деп диагноз қойлған, бірақ кейін анықталғандай диагноз қате болып шыққан.
2012 жылдың сәуірінде олар 2,5 жасында Алматының хайуанаттар бағына ікелінді.
Олардың хәлі мүшкіл болғанына қарамастан дәрігерлер оларды құтқаруға кірісті. Қазір жануарлар үнемі бақылауда және жетекші мамандардың қарауында.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін