Қырғызстаннан азық-түлік өнімдері контрабандасының жолы кесілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстаннан азық-түлік өнімдері контрабандасының жолы кесілді

Қырғызстаннан азық-түлік өнімдері контрабандасының жолы кесілді

ҚР ҰҚК шекара қызметінің «Оңтүстік» аймақтық басқармасының Тараз отрядының шекарашылары Қырғызстаннан азық-түлік өнімдерінің контрабандасының жолын кесті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

  • 2 Маусым 2011
  • 376
Фото - Caravan.kz

«2011 жылдың 1 маусымында «Оңтүстік» аймақтық басқармасының Тараз отрядының «Гродиково» және «Чолдалы» заставаларында Қазақстан Республикасының 3 азаматы ұсталды. Олар Қырғызстаннан жүк көліктерімен өткізу бекетін айналып өтіп келе жатқан, көліктерге артылған контрабандалық жүк – азық-түлік өнімдерінің жалпы салмағы 18 тоннадан асады», — делінген бейсенбі күні таратылған ақпаратта.

Сол күні «Гродиково» заставасында Қырғызстаннан Қазақстанға 30 бас ірі қара малды мемлекеттік шекара арқылы айдап өтуге тырысқан қырғызстандық азамат ұсталды.

Соңғы жаңалықтар