«2011 жылдың 1 маусымында «Оңтүстік» аймақтық басқармасының Тараз отрядының «Гродиково» және «Чолдалы» заставаларында Қазақстан Республикасының 3 азаматы ұсталды. Олар Қырғызстаннан жүк көліктерімен өткізу бекетін айналып өтіп келе жатқан, көліктерге артылған контрабандалық жүк – азық-түлік өнімдерінің жалпы салмағы 18 тоннадан асады», — делінген бейсенбі күні таратылған ақпаратта.
Сол күні «Гродиково» заставасында Қырғызстаннан Қазақстанға 30 бас ірі қара малды мемлекеттік шекара арқылы айдап өтуге тырысқан қырғызстандық азамат ұсталды.