Жарияланды: 340

Қырғызстаннан Ресейге 18 келі героин алып өтпек болған азаматтың жолы кесілді

Жамбыл облысында аса ірі көп мөлшерде героин алып өтпек болған қырғыз азаматы қолға түсті.

ҰҚК шекара қызметінің хабарлауынша, Ресейге «Даймлер-бенс-200» автокөлігімен Ресейге кетіп бара жатқан Қырғызстан азаматы «Сыпатай батыр» бекетінде қолға түсті. «Тінту барысында иісшіл иттің көмегімен көліктің бензин құятын багынан 18 полиэтилен пакетке салынған есірткі табылды», - делінген хабарламада. Сараптама нәтижесінде пакетке 18 келі героин салынғаны белгілі болды. Қазір қырғыз азаматының үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін