Қырғызстаннан Ресейге 18 келі героин алып өтпек болған азаматтың жолы кесілді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстаннан Ресейге 18 келі героин алып өтпек болған азаматтың жолы кесілді

Қырғызстаннан Ресейге 18 келі героин алып өтпек болған азаматтың жолы кесілді

Жамбыл облысында аса ірі көп мөлшерде героин алып өтпек болған қырғыз азаматы қолға түсті.

  • 29 Қазан 2012
  • 330
Фото - Caravan.kz

ҰҚК шекара қызметінің хабарлауынша, Ресейге «Даймлер-бенс-200» автокөлігімен Ресейге кетіп бара жатқан Қырғызстан азаматы «Сыпатай батыр» бекетінде қолға түсті.

«Тінту барысында иісшіл иттің көмегімен көліктің бензин құятын багынан 18 полиэтилен пакетке салынған есірткі табылды», — делінген хабарламада.
Сараптама нәтижесінде пакетке 18 келі героин салынғаны белгілі болды.
Қазір қырғыз азаматының үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар