Қырғызстанның бірқатар үкіметтік емес ұйымдары АҚШ азаматтарынан қару-жарақ тәркілеу оқиғасы бойынша тергеу жүргізуді талап етуде - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның бірқатар үкіметтік емес ұйымдары АҚШ азаматтарынан қару-жарақ тәркілеу оқиғасы бойынша тергеу жүргізуді талап етуде

Қырғызстанның бірқатар үкіметтік емес ұйымдары АҚШ азаматтарынан қару-жарақ тәркілеу оқиғасы бойынша тергеу жүргізуді талап етуде

Бішкек. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның бірқатар үкіметтік емес ұйымдары АҚШ азаматтарынан қару-жарақ тәркілеу оқиғасы бойынша тергеу жүргізуді талап етуде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі үкіметтік емес ұйым мен коммерциялық ұйым төрайымы Тоқтайым Үмітәлиеваға сілтеме жасай отырып.

  • 11 Тамыз 2008
  • 445
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, Қырғызстанның бірқатар үкіметтік емес ұйымдары Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев пен АҚШ президенті Джордж Бушқа тиісті ресми хат жолдаған. Хатта үкіметтік ұйым өкілдері аталмыш оқиға бойынша мұқият тергеу жүргізуді және тиісті қызметтердің өкілдерін жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр.

Т. Үмітәлиева Оңтүстік Осетиядағы жағдайдың мұнда да қайталану мүмкіндігін жоққа шығармайды. Оның айтуынша, Қырғызстанда қазіргі таңда геосаяси сызат пайда болған және республикаға бірқатар алпауыт мемлекеттер қызығушылық танытып отыр. «Қазір мемлекеттің ішінде қалыптасып отырған бірқатар талас-тартыстар сәл ғана итермелеуді күтіп отыр. Оған іс-әрекеттердің ойламсыздығы қосылса, екеуі бірігіп тек Қырғызстанда ғана емес, бүкіл Орта Азияда «лаулай жанатын» қақтығыстың себепкері болуы мүмкін», — деп мәлімдеді Т. Үмітәлиева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар