Қырғызстанның бұрынғы президенті Ақаев тәркілеп алынған өз құжаттары қайтарып берілмеген жағдайда сотқа жүгінбекші - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның  бұрынғы президенті Ақаев тәркілеп алынған өз құжаттары қайтарып берілмеген жағдайда сотқа жүгінбекші

Қырғызстанның бұрынғы президенті Ақаев тәркілеп алынған өз құжаттары қайтарып берілмеген жағдайда сотқа жүгінбекші

Қырғызстанның бұрынғы мемлекет басшысы Асқар Ақаев тәркілеп алынған өзінің жеке құжаттары, мұрағаттары мен күнделіктерін кері қайтарып, отбасының атына тағылып жатқан негізсіз айыптауларды доғаруды өтінеді. "Олай болмаған жағдайда А.Ақаев Конституцияның баптары мен "Қырғызстан президентінің іс-қызметіне берілетін кепілдіктер туралы" заңның талаптарын өрескел бұзған адамдардың үстінен сотқа шағым беруге мәжбүр болмақ". Бұл туралы бүгін, 17-мамырда Бішкекте өткен баспасөз мәслихатында "Қырғызстан халқының ар-ұжданы мен беделін қорғау комитеті" атты қоғамдық бірлестіктің төрағасы Ақын Тоқталиев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 17 Мамыр 2005
  • 463
Фото - Caravan.kz

А.Тоқталиев журналистерге А.Ақаевтың өз атынан соттағы дау-дамайды бастауды тапсырған , нотариус бекіткен сенімхатты көрсетті. Адвокаттың айтуынша, өз ар-ұжданы мен беделін қорғау туралы комитетке А.Ақаевтың өзі өтініш білдірген. Бұрынғы президенттің атынан А.Тоқталиев республикадағы билік ауысқаннан кейін президенттің жұмыс бөлмесі мен ғимараттарындағы тінту шараларының заңсыз жүргізілгенін мәлімдеді.

А.Тоқталиевтің айтуынша, аталмыз заңсыз әрекеттер жүзеге асырылған сәтте А.Ақаев Қырғызстанның президенті болатын. Ал қолданыстағы заңнама,ға сәйкес, Қырғызстан президентіне қол сұғылмаушылық талабы ол иемденген баспана мен жұмыс орындарында, ол пайдаланған көлік және байланыс құралдары, мұрағаттар мен басқа да дүние-мүліктерге жаппай таралуы тиіс.

Перейти к новостям спорта