Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы депутаттық қол сұғылмаушылық құқығынан айрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның  бұрынғы президентінің ұлы депутаттық қол сұғылмаушылық құқығынан  айрылды

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы депутаттық қол сұғылмаушылық құқығынан айрылды

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы Айдар Ақаев депутаттық қол сұғылмаушылық құқығынан айрылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қырғызстан парламентіндегі ақпарат көзі хабарлады.

  • 19 Қыркүйек 2005
  • 380
Фото - Caravan.kz



Бұл мәселеге қатысты талқылау жабық есік артында, журналистердің қатысуынсыз жүргізілген. Әрбір депутаттың аты-жөні көрсетілетін бюллетеньдер таратылған дауыс беру нәтижесінде отырысқа қатысқан 66 депутаттың 53-і шешімді қолдап дауыс берді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстан парламенті -Жогорку кенеште бұрынғы президенттің ұлы Айдар Ақаевты депутаттық қол сұғылмаушылық құқығынан айыру туралы республика бас прокурорының таныстыруын зерттеу комиссиясы құрылды. Қырғызстан бас прокуроры Әзімбек Бекназаровтың осы мәселеге қатысты таныстыруы парламентке биылғы 23-маусымда келіп түскен. Комиссия бас прокуратураның таныстыруын қолдап, оны палатаның талқысына ұсынуға шешім шығарды.
Биылғы жылдың ақпан-наурыз айларында Қырғызстанда өткен парламент сайлауының нәтижесінде бұрынғы президенттің балалары — Бермет пен Айдар депутат болып сайланған болатын . Республикада билік алмасқан соң Қырғызстан Республикасы Жоғарғы сотының шешімімен Б.Ақаева депутаттық мандатынан айрылды. Бұдан кейін осындай процедура оның ағасына қатысты да жүзеге асырыла бастады.
Расталмаған ақпаратқа сәйкес, Айдар Ақаев қазір Мәскеуде жүр. Республиканың бас прокуратурасы оның үстінен бірнеше қылмыстық іс қозғауға байланысты оның Қырғызстанға оралуға құлқы жоқ көрінеді. Оған заңсыз мүлік иемденіп алған деген айып тағылуда.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта