Қырғызстанның бұрынғы үкімет басшысы қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның бұрынғы үкімет басшысы қамауға алынды

Қырғызстанның бұрынғы үкімет басшысы қамауға алынды

Қырғызстанның бұрынғы үкімет басшысы Николай Танаев Қазақстанға өтіп кетпек болған жерінде қамауға алынды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қырғызстаннның бас прокуратурасынан хабарлады. Қырғызстан Республикасы бас прокуратурасының ресми мәлімдемесіне сәйкес, Н.Танаев 6-қыркүйек күні Ақжол шекаралық бекеті арқылы Қырғызстан аумағынан шығып кетпек болған кезде ұсталған.

  • 7 Қыркүйек 2005
  • 335
Фото - Caravan.kz



«Николай Танаев пен оның қорғаушысы Максим Максимович тергеу обьективті өткізілуде деп жұртшылыққа мәлімдегеніне қарамастан, ол үшін үкімет тікелей кепілдік бергеніне қарамастан, Н.Танаев қашуға әрекет жасады»,- делінген бас прокуратура таратқан хабарламада. Осыған байланысты оны қамауға алу шарасы іске асырылды.
Бұл Қырғызстандағы осы аптадағы екінші шулы тұтқындау шарасы. 5-қыркүйек, дүйсенбіде Италиялық Джорджио Фиаккони есімді ірі кәсіпкер ешқайда кетпеу туралы қолхат талабын бұзуға байланысты республикаға қайтадан оралған соң қамауға алынған.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, биылғы жылдың маусым айының басында Қырғызстан бас прокуратурасы бұрынғы үкімет басшысын қамауға алуға санкция берген. Бас прокуратура Н.Танаевтың үстінен мансабын асыра пайдалану және бюджет қаржысын заңсыз жұмсау жөніндегі баптар бойынша 3 қылмыстық іс қозғаған.
Биылғы жылдың 25-наурызында отставкаға кеткеннен кейін Қырғызстанды тастап шыққан Н.Танаев тамыздың ортасында республикаға оралды. Осыдан кейін ол бірден бас прокуратураға келіп жауап берді. Бұрынғы үкімет басшысының өз еркімен келуіне байланысты бас прокуратура оны қамауға алу туралы шешімді өзгертіп, одан ешқайда кетпеу жөнінде қолхат алған. Сол кезде Қырғызстанның бұрынғы үкімет басшысы үшін бірнеше парламент мүшелері кепілдік берді.
Н.Танаев Қырғызстан үкімет басшысы лауазымына 2002-жылы Құрманбек Бакиевтің орнына тағайындалған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта