Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қырғызстанның экономиканы дамыту жөніндегі мемлекеттік қорының Чу облысы Кемин аудандық өкілдігінің бас маманының үстінен қылмыстық іс қозғалған. Ол Қырғызстандық әйелдің атына 735,2 мың сомның 63,7 тонна бидай тұқымын тауарлық несие ретінде рәсімдеп, оның сеніміне кіру арқылы тауарды иемденіп алған.
Қылмыстық іс Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 171-бабы (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу) және 166-бабы (Алаяқтық) бойынша қозғалып, тексеру жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті