Қырғызстанның экс-мүфтиінің тоқал алу туралы әңгімесі қызу талқыланып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның экс-мүфтиінің тоқал алу туралы әңгімесі қызу талқыланып жатыр

Қырғызстанның экс-мүфтиінің тоқал алу туралы әңгімесі қызу талқыланып жатыр

Қырғызстанда бірнеше күннен бері елдің бұрынғы мүфтиі Чубақажы Жалиловтың бірінші әйелімен ажыраспай жатып, екінші әйелі пайда болғаны және ерлерді көп әйел алудан қорықпау туралы үндеуі ең қызу талқыланып жатқан тақырыпқа айналды.

  • 5 Желтоқсан 2017
  • 267
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол таяуда айтқан уағызында мәлімдеген, — деп жазады Tengrinews "Ферғана"-ға сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, бірінші әйелі (одан бес баласы бар) қазіргі уақытта ренжіп жүр екен, алайда бәрінің де уақытша екеніне сенімді. Екінші әйелі Түркияда бала күтуші болып жұмыс істеген, баласы бар 30 жастағы жесір әйел екен.  Жалилов 2010-2012 жылдары Қырғызстан мүфтиі болған. Ол — елде сөзіне көп адам құлақ асатын діндар адам.

Жалилов 2010-2012 жылдары Қырғызстан мүфтиі болған. Ол — елде сөзіне көп адам құлақ асатын діндар адам. Дін маманы YouTube хостингіндегі арнасында уағыз айтады, қазірдің өзінде оның арнасына 100 мыңнан аса адам жазылған.

 Діни басқарманың экс-мүфтиінің мәлімдемесі қоғамда және әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Әсіресе әйелдер оның бұл мәлімдемесіне наразы болды. Көбі бұл сөзді "қоғамға ғана емес, мемлекетке келіп отырған сын" деп ұқты.
 

Жергілікті құқыққорғаушылардың бірі Жалиловтың сөзіне құқықтық баға беруді талап етіп, прокуратураға өтініш түсірген — Қырғызстанның Қылмыстық кодексінде көпәйелдікке екі жылға дейін бас бостандықтан айыруды қарастыратын 153-бап бар.


4 желтоқсанда ер адам осымен екінші рет Бішкек МІІБ-ге жауап алуға шақыртылған. Тергеушілер Жалиловтың екінші әйелінің туыстарын тексере бастаған. Алайда әзірге экс-мүфтиге ешқандай айып тағылмады. Ал ресми орган өкілдері оның бұл мәлімдемесіне қатысты ресми жауап қатпаған.

Алайда Қырғызстанда көпәйелдікті қолдап шыққандар да табылды. Мысалы, "Асман плюс" газетінің редакторы Назира Бегім көпәйелдікке рұқсат беруді сұрап, президенттің өзіне хат жазған. Оның ойынша, екінші әйел ретінде ресми түрде тұрмысқа шығу қырғыз әйелдерін жезөкшелік пен шетелдіктерден сақтап қалады.
 

Соңғы жаңалықтар