Қырғызстанның ІІМ тәртіп болатынына кепілдік беріп, туристерді Ыстықкөл жағалауында демалуға шақырады
Қырғызстанның ішкі істер министрлігі Ыстық көл жағалауында, соның ішінде Бостері ауылының ауданында тәртіп болатынына кепілдік береді және туристерді демалыстарын үзбеуге шақырады. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлайды. |
«Қырғыз Республикасының ішкі істер министрлігі Ыстық көл облысы Ыстық көл ауданы Бостері ауылында милиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардың арасында болған оқиғаға қатысты жағдай тұрақтанды деп хабарлайды. ІІМ басшылығы мен жергілікті әкімшілік халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды, тәртіп қалпына келтірілді, демалып жатқан туристердің қауіпсіздігіне қауіптенуге себеп жоқ», – делінген ақпаратта.
ҚР ІІС Қырғызстан азаматтары мен шетелдік туристерін Ыстық көлде демалудан бас тартпауға шақырады және демалып жатқандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, туристік маусым кезінде қоғамдық тәртіпті қорғау мақсатында теңдессіз шаралар қабылданғанын хабарлайды.
Бұрын хабарланғандай, 4 шілдеде Бостері ауылында милиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардың арасында қақтығыс болып, оның нәтижесінде жергілікті екі тұрғын жарақат алды. Қақтығыс жаппай төбелеске ұласып, 400-ге жуық тұрғын автожолды жауып тастап, қару қолданған милиционерлерді өздеріне беруді талап еткен, олар тәртіп сақшыларын өздері жазаламақ болған. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ, ІІМ туристік маусым кезінде жол қозғалысының қауіпсіздігі (ЖҚҚ) қызметкерлерінің бұзушылықтар жасауына жол бермеу мақсатында республика азаматтары мен қонақтарына сенім телефондары, ЖҚҚ аумақтық бөлімшелерінің қызметтік және ұялы телефондары арқылы ақпарат берілетінін еске салады. Туристік маусым кезінде (2011 жылдың 6 маусымынан 15 қырқүйегіне дейін) «Бішкек-Балықшы-Чолпон-Ата-Қара-Көл», «Бішкек-Алматы», «Бішкек- «Манас» әуежайы, «Солтүстік айналма жол «Бішкек - Кемин» автожолдарында қызмет ететін ҚР ІІМ ЖҚҚББ бөлімшелерінің патрульдік автокөліктерінің тізімі танысу үшін ашық. Туристік маусым кезінде аталған автожолдарда ЖҚҚ қызметкерлері жол қозғалысын қызметтік патрульдік көліктерімен ғана қадағалайды. Жол қозғалысына қатысушылар ЖҚҚ қызметкерлерінің құқық бұзу әрекеттері туралы бірден бөлімшелердің басшылығына хабарлай алады. Бекеттегі қызметкерлердің жұмысын бөлімшелердің басшылары, ЖҚҚББ бастығы мен оның орынбасарлары бақылайды. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің жолда жүру ережелерін бұзу әрекеттерін анықтауға және жолын кесуге баса назар аударылады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін