Қырғызстанның Кеден одағына кіруі ЖІӨ-нің 4,5%-ға дейін төмендеуіне алып келеді
Қырғызстанның Кеден одағына кіруі ЖІӨ-нің 4,5%-ға дейін төмендеуіне алып келеді,деп мәлім етті экономикалық реттеу министрлігінің сауда басқармасы бастығының орынбасары Анархан Рахманова,деп хабарлайды ҚырТАГ. |
«Сценарий бойынша 2012 жылы егер біз Кеден одағына кірмесек, ЖІӨ 7,5%-дан9,8%-ға дейін артады. Егер Кеден одағына кірсек, ЖІӨ 4,5%-ға дейін төмендейді. Тауар айналымы да бастапқы кезеңде азаяды. Бірақ бұл алдын ала сараптама»,- деді А.Рахманова дүйсенбі күні «Қырғызстан және Кеден одағы: артықшылықтар мен кемшіліктер».
Оның айтуынша, Қырғызстан КО-ға кірсе республикаға келетін инвестицияларға қатысты да болжам жасалды.
«Қазір нарық көлемі шағын болғандықтан, Қырғызстан ірі инвесторлар үшін қызықты емес. КО-ға кірсек, нарықтың көлемі артады. Яғни КО-ға мүше-елдердің нарығы ортақ болады. Біз бұл инвесторларды қызықтырып, оларды біздің елімізге де тартады деп есептейміз»,- деді сарапшы.
Сондай-ақ, А. Рахманова зерттеудің бұл кезеңінде КО-ға кірудің артықшылықтары мем кемшіліктері бірдей екенін атап өтті.
Басты жеткізушілер болып табылатын Ресей мен Қазақстаннан мұнай өнімдерін Қырғызстанға жеткізуге салықтардың бәрі алынатыны артықшылықтарға жатады.
«Егер КО-ға кірмесек, ЖЖМ бағасы қымбат болып, бұл ауыл шаруашылығы және Қытай тауарларының реэкспортына да әсер етеді. Бірақ КО-ға кіретінімізне-кірмейтінімізге қарамастан, реэкспорттық тауарларды сату проблемасы туады»», - деді А.Рахманова.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін