Қырғызстанның Кеден одағына кіруі ЖІӨ-нің 4,5%-ға дейін төмендеуіне алып келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның Кеден одағына кіруі ЖІӨ-нің 4,5%-ға дейін төмендеуіне алып келеді

Қырғызстанның Кеден одағына кіруі ЖІӨ-нің 4,5%-ға дейін төмендеуіне алып келеді

Қырғызстанның Кеден одағына кіруі ЖІӨ-нің 4,5%-ға дейін төмендеуіне алып келеді,деп мәлім етті экономикалық реттеу министрлігінің сауда басқармасы бастығының орынбасары Анархан Рахманова,деп хабарлайды ҚырТАГ.

  • 27 Маусым 2011
  • 515
Фото - Caravan.kz

«Сценарий бойынша 2012 жылы егер біз Кеден одағына кірмесек, ЖІӨ 7,5%-дан9,8%-ға дейін артады. Егер Кеден одағына кірсек, ЖІӨ 4,5%-ға дейін төмендейді. Тауар айналымы да бастапқы кезеңде азаяды. Бірақ бұл алдын ала сараптама»,- деді А.Рахманова дүйсенбі күні «Қырғызстан және Кеден одағы: артықшылықтар мен кемшіліктер».

Оның айтуынша, Қырғызстан КО-ға кірсе республикаға келетін инвестицияларға қатысты да болжам жасалды.

«Қазір нарық көлемі шағын болғандықтан, Қырғызстан ірі инвесторлар үшін қызықты емес. КО-ға кірсек, нарықтың көлемі артады. Яғни КО-ға мүше-елдердің нарығы ортақ болады. Біз бұл инвесторларды қызықтырып, оларды біздің елімізге де тартады деп есептейміз»,- деді сарапшы.

Сондай-ақ, А. Рахманова зерттеудің бұл кезеңінде КО-ға кірудің артықшылықтары мем кемшіліктері бірдей екенін атап өтті.

Басты жеткізушілер болып табылатын Ресей мен Қазақстаннан мұнай өнімдерін Қырғызстанға жеткізуге салықтардың бәрі алынатыны артықшылықтарға жатады.

«Егер КО-ға кірмесек, ЖЖМ бағасы қымбат болып, бұл ауыл шаруашылығы және Қытай тауарларының реэкспортына да әсер етеді. Бірақ КО-ға кіретінімізне-кірмейтінімізге қарамастан, реэкспорттық тауарларды сату проблемасы туады»», — деді А.Рахманова.

Соңғы жаңалықтар