БІШКЕК. 30-қаңтар. Kazakhstan Today. Қырғызстанның Жалал-Абад облысындағы қар көшкінінің салдарынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, қайғылы оқиға 29-қаңтарда, шамамен 15.00-де болған. Қар көшкіні Жалал-Абад облысының Чатқал ауданындағы Коргон-Сай маңында түскен. Құрбан болған адамның аты-жөні анықталды.
2006 жылы Қырғызстанда 180-нен астам төтенше оқиға тіркеліп, осы оқиғалардың салдарынан 74 адам көз жұмған. Өткен жылдың 12 айында 30 қар көшкіні түскен. Қар көшкіні Қырғызстанның оңтүстік облыстарында жиі түседі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті