Қырғызстанның оңтүстігінде бүгін қуаты 4 балл жер сілкінісі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 508.91
  • 594.36
-5 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның оңтүстігінде бүгін қуаты   4 балл жер сілкінісі болды

Қырғызстанның оңтүстігінде бүгін қуаты 4 балл жер сілкінісі болды

БІШКЕК. 7-ақпан. Kazakhstan Today. Қырғызстанның оңтүстігінде Жалал-Абад облысында бүгін қуаты 4 балл кезекті жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

  • 7 Ақпан 2007
  • 385
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, жер асты дүмпулері 7-ақпанда 8 сағат 30 минутта тіркелген. Сілкініс ошағы Өзбекстан мен Қырғызстан шекарасында, Ташкөмір қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 20 шақырымда, Үшқорған аулынан солтүстікке қарай 5 шақырымда, Ош қаласынан солтүстік-батысқа қарай 90 шақырымда болған.

Ташкөмір қаласы мен Үшқорған аулында 3 балл шамасында, Майлусуу қаласы мен Қызылжар ауылында 2-3 балл жер сілкінісі тіркелді.

Алдын-ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

«Оңтүстікте жер сілкінісінің көбеюі абайлықты арттыруды талап етеді, таяу уақыттарда болжам дайындалып, ол төтенше жағдайлар министрлігіне өткеріледі»,- дейді баспасөз қызметі Қырғызстан ғылым академиясының сейсмология институтының директоры Қанат Әбдірахмановтың сөзін дәйексөз ретінде келтіріп.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті