Қырғызстанның оңтүстігінде қуаты 5 балл жер сілкінісі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның оңтүстігінде қуаты 5 балл жер сілкінісі болды

Қырғызстанның оңтүстігінде қуаты 5 балл жер сілкінісі болды

Бішкек. 14 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның оңтүстігінде Ош облысының Алай ауданы Нұра ауылында тағы да қуаты 5 балл жер сілкінісі болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 14 Қараша 2008
  • 461
Фото - Caravan.kz

Қырғызстан ҰҒА сейсмология институтының мәліметінше, 14 қарашада жергілікті уақытпен сағат 02.51-де қуаты 5 балл жер сілкінісі болды.

Сілкініс ошағы Қытаймен арадағы шекарада, Нұра ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырым жерде болды. Нұра ауылында қуаты 3 балл дүмпу сезілді. Алдын-ала мәліметке сәйкес, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 5 қазанда Нұра ауылында қуаты 8-9 балл жер сілкінісі болды. Ол кезде 42 бала: 11 оқушы мен мектеп жасына дейінгі 31 бала, 19 ересек адам, 36 еркек пен 38 әйел қаза тапты. Барлығы 157 адам зардап шекті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар