Қырғызстан ҰҒА сейсмология институтының мәліметінше, 14 қарашада жергілікті уақытпен сағат 02.51-де қуаты 5 балл жер сілкінісі болды.
Сілкініс ошағы Қытаймен арадағы шекарада, Нұра ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырым жерде болды. Нұра ауылында қуаты 3 балл дүмпу сезілді. Алдын-ала мәліметке сәйкес, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 5 қазанда Нұра ауылында қуаты 8-9 балл жер сілкінісі болды. Ол кезде 42 бала: 11 оқушы мен мектеп жасына дейінгі 31 бала, 19 ересек адам, 36 еркек пен 38 әйел қаза тапты. Барлығы 157 адам зардап шекті.