Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, оқиға 10-қаңтар күні Қырғызстан Республикасының Баткен облысының Баткен ауданындағы Самарқанд ауылының маңайында орналасқан «Эркиндик» шахтасында болған.
Қайтыс болған жігіт өз бетінше көмір қазумен айналысып жүрген жергілікті тұрғын. Оның мәйіті үйінді астынан шығарылып, туысқандарына берілді.
Министрліктің баспасөз қызметі шахтадағы апатқа жуықта болған жер сілкінісі себеп болған жоқ деп хабарлайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті