Мекеменің мәліметтеріне сүйенсек, жер сілкінісінен Қырғызстанның Баткен облысының Ляиля ауданы ең көп зардап шекті. Бұл ауданда жер сілкінісінен 965 үй, 54 шаруашылық құрлысы, 22 мектеп және 18 әлеуметтік нысандар бүлінген. Жер сілкінісі болған түні Тогуз-Булак ауылдық басқармасы Айкол ауылының 26 жастағы жүрегі тоқтап, қаза тапқан. Он адам «күйзеліс» деген диагнозбен ауруханаға жатқызылды.
Бұрын хабарлағанымыздай, Қырғызстанның оңтүстігінде қаңтардың 8-нен 9-на қараған түні жер сілкінісі болған. Жер сілкінісі ошағында тербеліс күші Рихтер шкаласы бойынша 6 баллды құраған. Жер сілкінісінің ошағы қырғыз-тәжік шекарасында, Түркістан жотасының бөктерінде, облыс орталығынан оңтүстік-шығысқа қарай 90 шақырымда және Сүлікті қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 60-шақырымда болған.
Бұл Қырғызстандағы соңғы айда болған екінші ірі жер сілкінісі. 26-желтоқсанда Қырғызстан Республикасының Нарын облысындағы жер асты дүмпуінің күшін 7 баллды құраған. Соның салдарынан 6 мыңнан астам тұрғын үй бүлінген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті