Қырғызстанның оңтүстігіндегі жер сілкінісінен мектеп жасына дейінгі 30 бала мен 11 мектеп оқушысы қаза тапқан - Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның оңтүстігіндегі жер сілкінісінен мектеп жасына дейінгі 30 бала мен 11 мектеп оқушысы қаза тапқан - Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі

Қырғызстанның оңтүстігіндегі жер сілкінісінен мектеп жасына дейінгі 30 бала мен 11 мектеп оқушысы қаза тапқан - Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі

Бішкек. 7 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның Ош облысының Алай ауданында жер сілкінісінен мектеп жасына дейінгі 30 бала мен 11 мектеп оқушысы қаза тапқан, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан денсаулық сақтау министрінің орынбасары Мадамин Каратаевқа сілтеме жасап.

  • 7 Қазан 2008
  • 514
Фото - Caravan.kz

«Жер сілкінісінен Нұра ауылында 35 ер адам мен 37 әйел қаза тапты. Олардың 12-сі зейнеткерлер, 19 ересек адам, мектеп жасына дейінгі 30 бала мен 11 мектеп оқушысы қаза тапқан», — деді М.Қаратаев.

Ош облыстық ауруханасына тікұшақпен жер сілкінісінен зардап шеккен 142 адам жеткізілген. Балалар бөліміне 93 бала жатқызылды.

Зілзала болған жерде іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Ош облысының Алай ауданы Нұра ауылына бүгін түске дейін Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев келеді деп күтілуде.

Қырғызстанның ТЖМ-нің хабарлауынша, ауылдағы 150 үйдің 120-сы толық қирап, 50 -ден астам адам зардап шеккен, жол бүлініп , байланыс үзілген.

Жер сілкінісі 5 қазанда сағат 22.53-те болған, сілкініс ошағында оның қуаты Рихтер өлшемі бойынша 8 баллға жеткен.

Жер сілкінісінің ошағы болған Алай ауданында жер сілкінісінің қуаты 8, облыс орталығы -Ош қаласында — 6,5, Бішкекте — 3-4 балл болды.

Осы жер сілкінісінен 19 минуттан кейін Қытай аумағында, Шыңжан-ұйғыр автономиялық аймағының оңтүстігінде, Ош қаласынан 150 шақырым жердегі Сары-Таш ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 65 шақырым жерде қуаты 5,7 балл болатын жер асты дүмпулері қайта сезілді. Бішкекте сезілген бірінші жер сілкінісінің қуаты 3-4 балл болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар