Қырғызстанның оңтүстік аймақтарында наразылық акциялары одан әрі жалғасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның оңтүстік аймақтарында наразылық акциялары одан әрі жалғасуда

Қырғызстанның оңтүстік аймақтарында наразылық акциялары одан әрі жалғасуда

Қырғызстанның Джалал-Абад қаласында наразылық акциялары одан әрі жалғасуда. Қырғызстан Республикасы ІІМ-дегі ақпарат көздерінің KZ-today тілшісіне хабарлауынша, бүгін, 23-наурызда қаланың орталық алаңында митинг одан әрі жалғасты. Бірақ оған қатысушылардың саны өткен тәуліктегімен салыстырғанда анағұрлым аз болған.

  • 23 Наурыз 2005
  • 384
Фото - Caravan.kz

Өткен тәуліктердегі ереуілдер барысында кейбір азаматтық нысандар зардап шеккен. Джалал-Абад қаласынан тонаушылық оқиғалары туралы ақпараттар келіп түсуде.

Ереуілшілердің бірнеше коммерциялық банкті тонағаны туралы ақпаратты бүгін Қырғызстан Ұлттық банкі жоққа шығарды.
Дейтұрғанмен, оқиға куәгерлерінің айтуына қарағанда, қалада муниципалдық инфрақұрылым жұмыс істеп тұрған жоқ, негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасы шарықтай өсті. Соның ішінде нанның бағасы екі есе қымбаттады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 20-наурызда ереуілге қатысушылар облыстық ішкі істер бөлімі мен қалалық милиция бөлімшесін басып алғаннан кейін құқық қорғау мекемелерінің қызметкерлері үйді-үйлеріне таратылған. Қырғызстан президенті баспасөз хатшысының хабарлауынша, өкімет оппозициялық күштер тарапынан ұрындыру әрекеттеріне жол бермеу үшін күш құрылымдарын өңірден жаппай шығарып жіберді.
Оштағы ахуал салыстырмалы түрде тыныш деуге болады. Кеше қаланың орталық алаңында қазіргі билікті жақтаушы мыңдаған адам митинг өткізді. Сол күні жергілікті телеарналар арқылы оппозиция өкілдері сөз сөйлеп, Қырғызстанның оңтүстік аймақтарында ел президенті Асқар Ақаевтың өкімі жүрмейтінін мәлімдеді. Сөз сөйлеушілер тонаушылық оқиғаларының жиілеп кеткеніне алаңдаушылық білдіріп, тәртіп орнату үшін өз күштерімен халық жасақтарын құратынын хабарлады.
Ал бүгін Қырғызстан үкіметті аппаратындағы бір ақпарат көзі оппозициямен келіссөздер жүргізу үшін Бішкектен Ошқа ауқымды өкілдер тобы ұшып шыққанын хабарлады.

Перейти к новостям спорта