Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы Бакиевті республика президенті ретінде тіркеді - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы Бакиевті республика президенті ретінде тіркеді

Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы Бакиевті республика президенті ретінде тіркеді

Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы бүгін, 20-шілдеде Құрманбек Бакиевті республика президенті ретінде тіркеу туралы қаулы қабылдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясыанн хабарлады.

  • 20 Шiлде 2005
  • 349
Фото - Caravan.kz

Орталық сайлау комиссиясының түсініктемесіне сәйкес, қаулы Қырғызстан Республикасы Конституциялық сотының өткен президент сайлауын заңды деп тану жөніндегі шешіміне сәйкес қабылданды.

Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясының қаулысында сонымен бірге президенттік қызметке кіріскен кезде Қ.Бакиевке мемлекет басшысының куәлігі, төс белгісі мен Қырғызстан президентінің штандартын табыс ету қарастырылған.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстан президентінің сайлауы биылғы шілде айының 10-шы жұлдызында мерзімінен бұрын өткізілді. Қ.Бакиевтің кандидатурасы үшін сайлаушылардың 89 проценті дауыс берді. Өткен президент сайлауының заңдылығы туралы шешімді Қырғызстан Республикасының Конституциялық соты 16-шілдеде қабылдады. Президенттің ант беру шарасы 14-тамызға белгіленген.

Перейти к новостям спорта