Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы бұрынғы президент Ақаевтың қызын депутаттық өкілеттіліктен айырды - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-10 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы бұрынғы президент Ақаевтың қызын депутаттық өкілеттіліктен айырды

Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы бұрынғы президент Ақаевтың қызын депутаттық өкілеттіліктен айырды

Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы Бермет Ақаеваны депутаттық өкілеттіліктен айырды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қырғызстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Мамыр 2005
  • 428
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, университеттегі №1 сайлау округі бойынша келіп түскен арыз-өтініштерді қарау жөнінде арнайы құрылған жұмыс тобының ақпаратын тыңдау және Қырғызстан бас прокурорының міндетін атқарушының сайлау заңнамасын бұзуға қатысты хатын қарау негізінде аталмыш округ бойынша парламент сайлауының қорытындысын заңсыз деп тапты.

Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясының қаулысы бойынша Бермет Ақаева депутаттық өкілеттіліктен айрылды. Бұл шешімді Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясының 10 мүшесі мақұлдаса, 3 адам қалыс қалды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Б.Ақаева 2005-жылдың ақпан-наурыз айларында өткен парламент сайлауында депутат болып сайланған. Республикада билік ауысқаннан кейін Бішкекте Б.Ақаеваны депутаттық өкілеттіліктен айыру туралы шерулер өткізіле бастады.

Перейти к новостям спорта