Қырғызстанның Ош облысында этникалық өзбектер мен қырғыздар тағы қақтығысты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның Ош облысында этникалық өзбектер мен қырғыздар тағы қақтығысты

Қырғызстанның Ош облысында этникалық өзбектер мен қырғыздар тағы қақтығысты

Қырғыздың төзімі тағы таусылды. Осыдан бір жыл бұрын ғана ойран болған Ош қаласында тағы этникалық өзбектер мен қырғыздар арасында араздық орын алды. Такси қызметі үшін туындаған түсініспеушіліктің арты екі ұлт жастарының топтасқан төбелесіне ұласқан.

  • 19 Шiлде 2011
  • 690
Фото - Caravan.kz

Қақтығысқа қатысқандардың бірде-біреуі дәрігерлік көмекке жүгінбепті. Өлім-жітім туралы да әзірге ешқандай ақпарат жоқ. Облыстық милиция осымен екінші рет тұтанған дауға қатысы бар деген күдікпен 6 адамды қамауға алған. Ал қазір Оштағы алаңға 500-ден астам адам шығып, бүлікті бастаған адамдарды қатаң жазалауды талап етіп, шеру өткізуде. Бұл ретте тағы төбелес туып кетуі қаупі болғандықтан облыстағы барлық арнайы жасақ қызметі орталыққа жіберілген. Олармен бірге Қырғыз ішкі істер министрінің орынбасары да келіп, жағдайды өзі бақылап отыр. Былтырғы маусым айында болған өзбек пен қырғыздың қақтығысынан 431 адам қаза тауып, 2 мыңнан асамы зардап шеккен еді. Биыл осындай жағдайдың алдын-алу мақсатында милициямен қатар, ақсақалдар алқасы да келіссөз жүргізуде. Ал өңірдегі сауда орындары мен банк қызметі өз жұмысын тоқтатқан.


Мамыр Юсупов
,Араван ауылының тұрғыны:

-Тұрғындар қауіптеніп, өз дүкендері мен сауда орындарын жауып, үйіне кетіп қалды. Былай соншалықты дау болған жоқ. Жалпы адамдар өткен жылғы жағдайдан кейін қорқатын болған.

Усманжан Исмаилов, Араван ауылының тұрғыны:

-Біз енді не істейміз?! Қалай өмір сүрдік, солай тұра беруден басқа амал жоқ. Бір-бірін мазақтаймын деп төбелесіп қалыпты деп естідім.

Соңғы жаңалықтар