Caravan Logo

Қырғызстанның Ош облысында "Хизб ут-Тахрир" экстремистік партиясының үгіт-насихат материалдары тәркіленді

Қырғызстанның Ош облысында "Хизб ут-Тахрир" экстремистік партиясының үгіт-насихат материалдары тәркіленді

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тыйым салынған мазмұндағы әдебиеттерді, сондай-ақ, кассеталар мен электронды тасымалдағыштарды Ош облысының ішкі істер басқармасы мен Нооқат аудандық ішкі істер органының қызметкерлері 45 жастағы ауыл тұрғынынан тәркілеген. Ол өз үйінде "Хизб ут-Тахрирдің" 18 кітабі мен журналын, 10 дискісін, сондай-ақ, дыбыс және бейне кассеталарды тығып ұстаған.

Оқиға бойынша тергеу жүргізілуде. Ауыл тұрғынына ұлтаралық араздық тудырды деген айып тағылып отыр.