Қырғызстанның Ош облысында жер сілкінісі болған аймақта қаза тапқан 68 адам табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның Ош облысында жер сілкінісі болған аймақта қаза тапқан 68 адам табылды

Қырғызстанның Ош облысында жер сілкінісі болған аймақта қаза тапқан 68 адам табылды

Алматы. 6 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның Ош облысының Алай ауданында жер сілкінісі болған аймақта қаза тапқан 68 адам табылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан денсаулық сақтау министрінің орынбасары Мадамин Каратаевқа сілтеме жасап.

  • 6 Қазан 2008
  • 464
Фото - Caravan.kz

Қаза тапқандардың бәрі де Нұра ауылының тұрғындары. Ош қаласының ауруханаларына зардап шеккен 26 адам жеткізілген.

Қырғызстанның ТЖМ-нің хабарлауынша, ауылдағы 150 үйдің 120-сы толық қирап, 50 -ден астам адам зардап шеккен, жол бүлініп , байланыс үзілген.

Жер сілкінісі кеше сағат 22.53-те болған, сілкініс ошағында оның қуаты Рихтер өлшемі бойынша 8 баллға жеткен.

Жер сілкінісінің ошағы болған Алай ауданында жер сілкінісінің қуаты 8, облыс орталығы -Ош қаласында — 6,5, Бішкекте — 3-4 балл болды.

Осы жер сілкінісінен 19 минуттан кейін Қытай аумағында, Шыңжан-ұйғыр автономиялық аймағының оңтүстігінде, Ош қаласынан 150 шақырым жердегі Сары-Таш ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 65 шақырым жерде қуаты 5,7 балл болатын жер асты дүмпулері қайта сезілді. Бішкекте сезілген бірінші жер сілкінісінің қуаты 3-4 балл болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар