Жарияланды: 450

Қырғызстанның Ош облысында жер сілкінісінен 58 адам қаза тапты

Алматы. 6 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның Ош облысының Алай ауданында болған жер сілкінісінен Нұра ауылында 58 адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Кабар" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғызстанның ТЖМ-нің хабарлауынша, ауылдағы 150 үйдің 120-сы толық қирап, 50 -ден астам адам зардап шеккен, жол қирап, байланыс үзілген. Оқиға орнына бүгін таңертеңгі сағат 8.40-та Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрі Камчыбек Ташиев пен Ош облысының губернаторы Аалы Карашев құтқарушылармен бірге аттанып кетті. Жер сілкінісі кеше сағат 22.53-те болған, сілкініс ошағында оның қуаты Рихтер өлшемі бойынша 8 баллға жеткен. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР Білім және ғылым министрлігінің сейсмология институтының мәліметінше, 5 қазанда сағат 21.54-те Қырғызстан аумағында энергетикалық классы 14,5 болатын жер сілкінісі болды. Оның ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 405 шақырымда болды. Таразда қуаты 3-4 балл, Алматы мен Шымкентте 2 балл жер асыты дүмпулері сезілді. Құрбан болғандар, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат келіп түскен жоқ. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін